Иранның Ислам революциясы – әлемдік абыройдың мәйегі
Иранның Ислам революциясы Сақшылар Корпусының бас қолбасшысы Джафари: «Ислам революциясын қолдау дүниежүзінің азаттық талап етушілері үшін мақтаныш. Иранның Ислам революциясы – әлемдік абыройдың мәйегі»,- деді.
Иранның Ислам революциясы Сақшылар Корпусының бас қолбасшысы Мұхаммад Джафари жексенбі күні Исфаһанның Наджафабад қаласындағы қасиетті кесенелердің қорғаушыларының бірі шәһид Мохсен Ходжаджиді еске алу рәсімінде: «Әлем барлық санкциялар мен дұшпандықтарға қарамастан, Иранның күшін сақтауына таңырқауда. Өйткені, жанкештілік пен шәһид болу мәдениеті кез келген қоқан-лоққыны залалсыздандырып, қоқан-лоққы дұшпанның өзіне оралады»,- деді.
Қолбасшы Джафари ДАИШ тәкфиршіл лаңкестік тобын сионистік режимнің басты шебі деп атап: «Иранның тәкфиршіл және лаңкестік топтарға қарсы күресі – өткен бірнеше жылда аймақта исламдық революция майданы мен жалғандық майданы арасында орын алып, Иран ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейнидің Құдсты азат ету уәдесін іске асыру үшін жағдай тудыруды мақсат етіп отырған соғыс»,- деп қуаттады.