Қарсыласу шебінің жеңістері – ДАИШ-тың жойылуының белгісі
(last modified Wed, 16 Aug 2017 09:32:02 GMT )
Там 16, 2017 15:32 Asia/Almaty
  • Қарсыласу шебінің жеңістері – ДАИШ-тың жойылуының белгісі

ИИР-ның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролланың бірлік орнату рөлін қуаттап, қарсыласу шебінің соңғы жеңістерін ДАИШ лаңкестік тобының жойылуының белгісі деп атады.

Әли Шамхани сейсенбі күні «Әл-Аһд» ақпарат арнасына берген сұхбатында 33 күндік соғыстағы Ливан жеңісінің 11-ші жылдығымен сол елдің үкіметі мен халқын және Хизболланы құттықтап: «2006-шы жылы исламдық қарсыласу иман мен шәһид болуды талап ететін жауынгерлерінің ержүректігіне сүйеніп, сионистік режимнің жеңілмейтіні туралы аңызды теріске шығарып, исламдық үмбеттің жігері болса, иман мен жиһад қаруын қолданып, әлемнің ең күшті армияларын жермен-жексен ете алатынын дәлелдеді»,- деді.

ИИР-ның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сондай-ақ АҚШ-тың лаңкестікпен күрес саласындағы екіжүзділігін сынап: «АҚШ-тың тікұшақтары сан рет ДАИШ басып алған аймақтарға қонып, АҚШ-тың қырғи ұшақтары Ирактың халықтық күштеріне Сирия шекараларына жақын жерлерде шабуыл жасады. Осы елдің саясаттары бұл мемлекеттің аймақтағы лаңкестіктің ең маңызды қолдаушысы екенін көрсетті»,- деді.