Иранның саяси ерік-жігері Латын Америкасы елдерімен қарым-қатынасты дамытуға бағытталған
ИИР-ның Президенті Рухани Теһрандағы Уругвайдың жаңа елшісімен кездесуінде Иранның саяси ерік-жігерінің Латын Америкасындағы дос елдермен, соның ішінде Уругваймен қарым-қатынасты дамытуға бағытталғанын мәлімдеді.
ИИР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ИИР-ның Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Уругвайдың Теһрандағы жаңа елшісі Карлос Скарби Вон Стейтманнан сенім грамотасын алу рәсімінде екі ел арасында ғылым мен технология салаларындағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігін айтып, Иран мен Уругвайдың жеке және мемлекеттік секторларының бір-бірінің әлеуеттері жайлы нақты мәлімет алып, өз белсенділіктерін екі халықтың мүдделеріне сай дамытатындығына үміт білдірді.
ИИР-ның Президенті әр елдің істеріне қатысты шешім қабылдаудың тек сол ел халқының ықтиярында екендігін айтып: "Иран кейбір алпауыт елдердің басқа елдерге, соның ішінде Латын Америкасына қарсы қоқан-лоққы жасап, ішкі ісіне араласуға талпынысын халықтардың ерік-жігеріне қарсы шығу және аймақтағы шиеленістердің таралуына себеп болу деп санайды",-деді.
ИИР-дағы Уругвайдың елшісі Карлос Скарби Вон Стейтман бұл кездесуде ИИР-ның Президентіне сенім грамотасын тапсыру кезінде Монтевидеоның Теһранмен қарым-қатынасын дамыту үшін ерік-жігерінің мықты екенін мәлімдеді.