Батыс лаңкестікті жоюға жігер білдірмей отыр
(last modified Tue, 22 Aug 2017 08:51:05 GMT )
Там 22, 2017 14:51 Asia/Almaty
  • Батыс лаңкестікті жоюға жігер білдірмей отыр

Иранның Жоғарғы соты ИИР-ның лаңкестіктің барлық түрін айыптайтынын, Еуропа мен АҚШ-тың лаңкестікті «жақсы» және «жаман» деп бөлетінін қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Жоғарғы соты аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні сот басшыларының отырысында Еуропада орын алған соңғы лаңкестік шабуылға тоқталып: «Батыс лаңкестікті жоюға жігер білдірмей отыр. Керісінше, бұл сұм құбылысты  басқа елдерге қысым көрсету үшін пайдаланады. Адам құқығы азаттығының қайнары және жазықсыз адамдарды өлтіруге қарсы Ислам дінін бүгінде АҚШ президенті лаңкестікті қолдаушы деп айыптауда. Мұндай ұстаным лаңкестіктің тамырының жойылмауына себеп болады. Иран өткен жылдар бойы лаңкестіктің құрбаны болды. Қазіргі таңда Сирия, Ливан мен Ирактағы лаңкестікке қарсы күрестің алғы шебінде келеді»,- деді.