Америкалықтар "Ортақ қадамға" қатысты міндеттемелерін үсті-үстіне бұзуда
https://itolqyn.com/news/iran-i30304
ИИР Президент кеңсесінің басшысы Ваэзи америкалықтардың үнемі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерін орындамай отырғанын баса айтып: "Америкалықтар "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты қалай әрекет етерлерін білмей, бастары қатып отыр",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 28, 2017 16:27 Asia/Almaty
  •  Америкалықтар

ИИР Президент кеңсесінің басшысы Ваэзи америкалықтардың үнемі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерін орындамай отырғанын баса айтып: "Америкалықтар "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты қалай әрекет етерлерін білмей, бастары қатып отыр",- деді.

ИИР Президенті кеңсесінің басшысы Махмұд Ваэзи жексенбі күні кешке Иран телеарнасына берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамптың жасап отырған әрекеттерінің ешбір принцип пен заңдардың шеңберіне жатпайтынын айтып: "Иран АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты өз міндеттемелерін орындамағанына алаңдап отырған жоқ. Себебі, еуропалықтар АҚШ-тың қысымдарына байланысты "Ортақ қадамға" қатысты шынайы табандылық көрсетіп отыр.

АҚШ Иранды арандату арқылы "Ортақ қадам" бағдарламасын жойып немесе өзі сол келісімнен шығуды мақсат етіп  отыр. Қалай болғанда да ол Еуропа мен басқа елдерге қарсы шығып, соңында оқшау қалауды",- деді.

Ваэзи америкалықтардың Иранның әскери нысандарын тексеруді сұрағанына қатысты: ""Ортақ қадам" бағдарламасында ынтымақтастықтар мен жұмыс механизмінің шеңбері толық анықталған. Иран өзінің ұлттық қауіпсіздігіне қайшы келетін нәрсені ешқашан қабылдамайды",- деді.