Рухани: Иран өз қуатын қорғаныс үшін қолданады
ИИР Президенті Иранның ірі ел ретінде мықты екендігіне тоқталып: «ИИР өзінің күш-қуатын қорғаныстан басқаға қолданбайды»,-деп қуаттады.
ИИР Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні үкіметтің отырысында Иранның қолданатын тетіктерінің көптігін айтып: «Өткен 40 жылда Иран ешқашан өз тетіктерін басқа елдерге қарсы қолданған жоқ. Әрдайым оларды тек өзін қорғау үшін пайдаланды»,-деді.
Рухани Құрбан айттың келіп жеткеніне тоқталып, бұл айттың жолдауын аймақты қантөгістен тазарту, тұрақтылық орнату, даму және исламдық мейірімді тарату деп атап, аймақта тыныштық пен тұрақтылық орнату үшін ислам елдері басшыларының осындай күндер мен мерекелерді тиімді пайдаланатындығына үміт білдірді.
ИИР Президенті, сондай-ақ, Ислам революциясының алғашқы жылдарындағы Иран Президенті Мұхамед Әли Раджаи мен Премьер-министр Мұхаммед Джавад Бахонардың шәһид болған күніне құрмет білдіріп: «Дұшпандар Иран халқына қарсы әртүрлі әрекет жасады, бірақ халық табанды, батыл және мықты ерік-жігермен өз жолын жалғастырды. Бүгінде ДАИШ жасап жатқан қылмысты Ислам революциясының алғашқы жылдарында «Мұнафықтар» тобы Иран халқына қарсы жасаған болатын»,-деді.