Қарсыласу майданының жеңістері аймақтың дамуынан үміттендіреді
https://itolqyn.com/news/iran-i30492
ИИР Президенті Рухани қарсыласу майданының жеңістерін аймақтың дамуы мен лаңкестіктің тамырының жойылуынан үміттендіретін фактор деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 06, 2017 13:49 Asia/Almaty
  • Қарсыласу майданының жеңістері аймақтың дамуынан үміттендіреді

ИИР Президенті Рухани қарсыласу майданының жеңістерін аймақтың дамуы мен лаңкестіктің тамырының жойылуынан үміттендіретін фактор деп атады.

ИИР Президенті Хасан Рухани  сейсенбі күні Мәдени революция жоғары кеңесінің отырысында қарсыласу майданының Мосул, Алеппо, Талль-Афар, Дер эз-Зор мен Арсалдағы жеңістеріне тоқталып: «Сирия мен Ирак және Ливандағы жеңістер лаңкестіктің тамырының жойылып, аймақтың дамуы мен ынтымақтастығына  жол ашады»,- деді.

Рухани Ғадир Хом мейрамына тоқталып: «Алла елшісінің Ғадир Хом оқиғасындағы айтқаны – тарихи маңызды мәселе, ислам әлемінің бірлігі мен шиіт мазхабының мақтан тұтатын факторы»,- деді.

 Хиджри қамари күнтізбесі бойынша 1438 жылдың зихадже айының 18 жұлдызы мұсылмандардың үлкен мейрамы – Ғадир Хом күні.

Ғадир Хом – Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) қажылықтан оралып келе жатқан кезде имам Әли (ғ.с.)-ды өзінің орынбасары деп жариялаған Мекке мен Мединенің арасындағы  мекеннің атауы.