Әскери орталықтар – Иранның ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Велаяти әскери орталықтарды Иранның ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі деп атап, ешбір адамға бұл орталықтарды тексеруге рұқсат берілмегенін қуаттады.
Әли Акбар Велаяти АҚХА-нің бас директоры Юкия Аманоның Иранның әскери орталықтарын тексеру жөніндегі жуырдағы сөздеріне білдірген реакцияда: "Амано өткеннен сабақ алып, АҚШ-тың уәждерінің ықпалына түспеуі керек",-деп мәлімдеді.
АҚХА-нің бас директоры Юкия Амано: "Иранның әскери және әскери емес орталықтарын тексерудің арасында айырмашылық жоқ",-деген болатын.
Велаяти АҚШ-тың Атом Қуаты Халықаралық Агенттігін Дональд Трамптың талап-тілегіне сай сөз сөйлетуге тырысатындығына тоқталып: "Мұндай сөздер Дональд Трамптың уәждері деңгейінде болғанымен, ИИР-на қарсы еш әсері болмайды",-деп баса айтты.