«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жеңіліс тапса, қарсы тарап көбірек зиян шегеді
(last modified Sat, 09 Sep 2017 09:20:39 GMT )
Қыр 09, 2017 15:20 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жеңіліс тапса, қарсы тарап көбірек зиян шегеді

ИИР Атом қуаты ұйымының басшысы Салехи ядролық келісім жойылған жағдайда қарсы тараптың көбірек зиян шегетінін айтып: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жеңіліс тапса, ирандықтар бұдан былай батыстықтарға сенбейтін болады»,-деді.

Әли Акбар Салехи жұма күні неміс тіліндегі «SPIEGEL» газетіне берген сұхбатында ИИР-ның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына әрдайым берік болғанын қуаттап: «АҚШ пен басқа елдер ядролық келісімнен шығатын болса, Иран да осы бағдарламаға қатысты өз міндеттемелерін орындамайды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жойылған жағдайда Корея түбегіндегі дағдарысты шешуге мүмкіндік болмайды. Егер ядролық келісім жойылса, Пхеньянның АҚШ пен Батыс елдеріне сенуге болмайтынына көзі жетеді»,-деді.

 

Тегтер