Амир Абдуллахиан халықаралық қауымдастықтың Мьянма мұсылмандарының жаппай өлтірілуіне қатысты үнсіздігін сынады
Иран Ислам Кеңесінің мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі халықаралық қауымдастықтың Мьянма мұсылмандарының жаппай өлтірілуіне қатысты үнсіздігі мен немқұрайдылығын сынап: "Еуроодақ Мьянмадағы қылмыстарға қатысты өз позициясын білдіруі тиіс",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Ислам Кеңесінің мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі АмирАбдуллахиан сейсенбі күні Теһрандағы Нидерландының елшісі Сюзанна Терсталмен кездесуінде: "Біз Еуроодақ пен Нидерландыдан Мьянма мұсылмандарына қарсы қылмыстар тұрғысында өз позициясын білдіріп, адами апаттың жалғасуының алдын алуға күш салуын күтеміз",-деді.
Иран Ислам Кеңесінің мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі, сондай-ақ, Сирияның соғыс майданы мен саясатындағы өзгерістеріне тоқталып: "Қазіргі кезеңде Сирия диалогтарына қатысты ең маңызды алаңдаушылық бірқатар террористің наразылар ретінде дағдарысты саяси жолмен шешу үдерісіне қатысып жатқанына байланысты. Бұл мәселе шешім жолына жету үдерісін қиындыққа ұшыратады",- деп баса айтты.
Теһрандағы Нидерландының елшісі Сюзанна Терсталмен да Мьянмадағы дағдарыс жайында: "Мьянмада болған жайт Нидерланды ақпарат құралдарының да назарына алынған қорқынышты оқиғалар болды",-деді.