Рухани хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1395-ші жылдың басталуына орай діни жетекшіні құттықтады
https://itolqyn.com/news/iran-i3073-Рухани_хиджри_шамси_күнтізбесі_бойынша_1395_ші_жылдың_басталуына_орай_діни_жетекшіні_құттықтады
ИИР Президенті Ислам революциясының жетекшісімен телефон арқылы сөйлесіп, хазіретті хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1395-ші жылдың басталуымен құттықтады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 22, 2016 14:56 Asia/Almaty
  • Рухани хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1395-ші жылдың басталуына орай діни жетекшіні құттықтады

ИИР Президенті Ислам революциясының жетекшісімен телефон арқылы сөйлесіп, хазіретті хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1395-ші жылдың басталуымен құттықтады.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні жаңа жылдың басында телефон арқылы Ислам революциясының жетекшісімен сөйлесіп, діни жетекшіні жаңа жылмен құттықтап, хазіретке ұзақ өмір тілеп, 1395-ші жыл Иранның ұлы халқы үшін лайықты Иран құрылатын үміт пен талпыныс жылы болады деп қуаттап: «ИИР-ның үкіметі Конституцияны, елдің ұзақ мерзімді бағдарламаларын және діни жетекшінің ақыл-кеңестерін іске асыруға бар күшін салады»,- деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі де Рухани мен Иран халқының үлкен жанұясын жаңа жылмен құттықтап, үкіметке Иран мен халыққа қызмет ету саласында көбірек табыстарға жетуді тіледі.

Аятолла Хаменеи хиджри шамси күнтізбесінің жаңа жылының алғашқы күндері шиіттердің сегізінші имамы хазірет Әли бен Мұса әр-Реза (ғ.с.)-ның кесенесін зиярат ету және Хорасан облысының басшылары және халқымен кездесу мақсатында қасиетті Мешхед қаласында сапармен жүр.