Рухани: Аймақтағы шекараларға өзгеріс енгізу қауіпті
ИИР-ның Президенті Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізу тақырыбы мен аймақ елдерінің географиясы мен шекараларында өзгеріс жасауға бағытталған кез келген әрекетті қауіпті санайды.
ИИР-ның Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гуттеришпен кездесуінде әлемдік қауымдастықты, соның ішінде БҰҰ-н Ирак жерінің тұтастығы мен Конституциясын сақтауды қолдауға шақырып, аймақтағы қиындықтарды шешу үшін саяси шешім жолдарын іздеу керегін қуаттады.
Рухани ИИР-ның аймақтағы мәселелерді шешу үшін БҰҰ-мен әріптестігін нығайтуға әзір екенін айтып: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аймақ пен әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға жақсы үлгі бола алады. АҚХА мен БҰҰ Бас хатшысының "Ортақ қадамды" қолдау мен нығайтудағы жауапкершілігі әсіресе өз міндеттемелерін орындамайтындардың алдында өте маңызды»,-деді.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гуттериш те бұл кездесу барысында Ирактың Күрдістан аймағындағы референдум тақырыбына тоқталып, Ирак жерінің тұтастығы мен Конституциясын сақтау қажеттігін қолдап: "Иракты немесе Сирияны бөлшектеудің аймақтың тұрақтылығы үшін еш пайдасы жоқ. БҰҰ аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің негіздерін нығайту үшін Иранмен әріптестік жасауға әзір"-деді.