Американың зиялы қауымы мұндай президентке ие болғаны үшін ұялуы керек
(last modified Thu, 21 Sep 2017 12:30:26 GMT )
Қыр 21, 2017 18:30 Asia/Almaty
  • Американың зиялы қауымы мұндай президентке ие болғаны үшін ұялуы керек

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Америка президентінің БҰҰ-ның Бас ассамблеясында сөйлеген ерсі және шындыққа жанаспайтын сөздеріне сілтеме жасап: «Бұл сөздер күш-құдіреттен бастау алған жоқ, керісінше ашудан, қайраңсыздық пен ақылсыздықтан айтылды» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи бүгін таңертең Эксперттер кеңесінің басшысы және өкілдерімен кездесуде Иран халқына жамандық тілеушілердің ашуының маңызды себептерінің бірі ретінде ислам республикасы жүйесінің аймақтық және жаһандық мәселелердегі күннен күнге артып келе жатқан дамуы деп атап: «Америка президенті Дональд Трамптың БҰҰ-ның Бас ассамблеясындағы сөзі Америка халқы үшін мақтаныш болған жоқ. Американың зиялы қауымы осы сөз бен осындай президентке болғандары үшін ұялып, ұялғандарын мәлімдеуі керек. Америкалықтар көп жылдан бері Азияның батыс аймағы үшін жоба-жоспар құрған болатын. Оны «Жаңа Таяу Шығыс» немесе «Үлкен Таяу Шығыс» деп атады. Сол жобаның негізгі үш нысанасы Ирак пен Сирия және Ливан болды. Алайда осы үш елде де жеңіліспен бетпе-бет келді. Бірақ бүгінде аймақтың шындығы басқаша. Себебі, олар Ливанда жоспарларын ілгерілете алмады. Иракта да жағдай олардың ойлағандарына керісінше болды. Сирияда да Америка мен одақтастарының сансыз қылмыстары мен осы елдің халқына қарсы геноцид, сонымен қатар лаңкестік топтарға жасаған ауқымды қолдауларына қарамастан ДАИШ бүгін жойылу қарсаңында тұр. Ан-Носрат майданы сынды лаңкестік топтар оқшауланды. ИИР-ның құзыры мен ықпалы Америка мен сионистік режимнің аймақтағы жобалары мен талап-тілектерінің жүзеге асырылмауына себеп болды. Дұшпандарымыздың ашуының себебі осы» деп қуаттады.