Рухани: Мектепте басқалардың көзқарастарына құрметпен қарау керек
https://itolqyn.com/news/iran-i31025
ИИР Президенті х.ш.ж.с.б. 1396-1397 жылдардағы оқу жылының басталуына орай өткен рәсімде мектеп қабырғасының әдеп пен ақлақтың ортасы болуы қажеттігін айтып: «Мектепте басқалардың көзқарастарына құрметпен қарау керек»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 23, 2017 15:17 Asia/Almaty
  • Рухани: Мектепте басқалардың көзқарастарына құрметпен қарау керек

ИИР Президенті х.ш.ж.с.б. 1396-1397 жылдардағы оқу жылының басталуына орай өткен рәсімде мектеп қабырғасының әдеп пен ақлақтың ортасы болуы қажеттігін айтып: «Мектепте басқалардың көзқарастарына құрметпен қарау керек»,-деді.

ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні Теһрандағы шәһид Мұдаррес атындағы көркемөнер мектебінде оқу жылының басталу рәсімінде сөйлеген сөзінде «Мектеп қабырғасында басқалардың көзқарастарына төзімділік танытып, құрметпен қарап, әдеп пен ақлақты сақтауға қалайша жаттығу керек?» деген сұрақты биылғы оқу жылының маңызды тақырыбы деп атады.

Рухани х.ш.ж.с.б. 1396-1397 ж.ж. оқу жылының басталуы мен мектептердің ашылуының имам Хосейн (ғ.с.) мен оның сенімді серіктерінің жанпидалығы жолдауымен қатар келгенін айтып, оқушылар, мұғалімдер мен Білім және тәрбие министрлігіндегі барлық қызметкерлерді білім және тәрбие саласындағы талпыныстарының жаңа кезеңінің басталуымен құттықтады.