Рухани: Географиялық шекаралардағы өзгерістер – тынышсыздықтардың артуының факторы
https://itolqyn.com/news/iran-i31321-Рухани_Географиялық_шекаралардағы_өзгерістер_тынышсыздықтардың_артуының_факторы
ИИР Президенті Ирак пен Сирияның орталық үкіметтерін күшейтуді қуаттап: «Географиялық шекаралардағы тұрақтылықты бұзу аймақтағы тынышсыздықтар мен тұрақсыздықтардың артуына себеп болады»,- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 03, 2017 14:51 Asia/Almaty
  • Рухани: Географиялық шекаралардағы өзгерістер – тынышсыздықтардың артуының факторы

ИИР Президенті Ирак пен Сирияның орталық үкіметтерін күшейтуді қуаттап: «Географиялық шекаралардағы тұрақтылықты бұзу аймақтағы тынышсыздықтар мен тұрақсыздықтардың артуына себеп болады»,- деді.

Хасан Рухани  дүйсенбі күні Түркия армиясы Бас штабының қолбасшысы Хулуси Акармен Теһрандағы кездесуінде Иран мен Түркияның аймақта лаңкестік, тынышсыздық және тұрақсыздық сынды қоқан-лоққылармен бетпе-бет келіп отырғандықтарына тоқталып: «Бұл қоқан-лоққыларды жою үшін ортақ мүдделер негіздері бойынша Теһран мен Анкараның жан-жақты қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтарын арттыру қажет»,- деп қуаттады.

Рухани сонымен бірге аймақтағы лаңкестікпен күресуді және географиялық шекараларды сақтап қалуды Иран мен Түркияның ынтымақтастық пен қарым-қатынастарын дамытуының ең маңызды мақсаттарының бірі деп атап: «Иран мен Түркия аймақтың маңызды елдері және аймақ қауіпсіздігінің тірегі ретінде әрқашан бірге болып, аймақ мәселелерін шешуге жақсырақ әсер ете алады»,- деді.

Түркия армиясы Бас штабының қолбасшысы Хулуси Акар да Иран мен Түркияны аймақтың маңызды екі мемлекеті деп атап: «Екі мемлекет ынтымақтастығы мен қарым-қатынастарын дамытып, аймақта тұрақтылық пен тыныштық орнатуда  рөл атқара алады. Түркия аймақтың барлық елдерінің территориялық тұтастығын құрметтеп, лаңкестік және тұрқасыздықпен күрес саласында дос мемлекеттермен, әсіресе Иранмен ынтымақтастық жасауға дайын»,- деді.