Рухани: Джалал Талебани Ирактың ұлттық бірлігі мен тұтастығын сақтауда маңызды рөл атқарды
https://itolqyn.com/news/iran-i31375-Рухани_Джалал_Талебани_Ирактың_ұлттық_бірлігі_мен_тұтастығын_сақтауда_маңызды_рөл_атқарды
ИИР Президенті Ирактың бұрынғы Президенті әрі Ирактың Күрдістан Патриоттық одағының Бас хатшысы болған Джалал Талебанидің қайтыс болуына байланысты осы елдің үкіметі мен халқына хат жолдап, көңіл айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 05, 2017 08:37 Asia/Almaty
  • Рухани: Джалал Талебани Ирактың ұлттық бірлігі мен тұтастығын сақтауда маңызды рөл атқарды

ИИР Президенті Ирактың бұрынғы Президенті әрі Ирактың Күрдістан Патриоттық одағының Бас хатшысы болған Джалал Талебанидің қайтыс болуына байланысты осы елдің үкіметі мен халқына хат жолдап, көңіл айтты.

ИИР Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні жолдаған хатта: "Джалал Талебани Ирактың ұлт-тайпаларының қарым-қатынасын нығайту үшін көп талпыныс жасап, ұлттық бірлігі мен тұтастығын сақтап, саяси үдерісін нығайтуда, сонымен қатар оның аймақтық, халықаралық орнының жоғарылауында маңызды рөл атқарды» деп жазды.

ИИР Президенті сондай-ақ Талебанидің Иран мен Ирак халқының бауырластығын нығайтудағы рөліне тоқталып, Джалал Талабанидің бірқалыпты, қарапайым саяси тәсіліне құнды мұра сынды Ирактың саяси мәдениеті мен сол елдің халқы мен тайпаларының арасында көңіл бөлініп, жалғасын табуына үміт білдірді.

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы  Әли Лариджани мен Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңісінің хатшысы Әли Шамхани да Ирактың бұрынғы Президенті Джалал Талебанидің қайтыс болғанына байланысты көңіл айтты.