Ердоған: Бельгия Брюссельдегі жарылыстардың себепкерлерінің бірін оқиғадан бұрын азат еткен
(last modified Thu, 24 Mar 2016 11:34:17 GMT )
Нау 24, 2016 17:34 Asia/Almaty
  • Ердоған: Бельгия Брюссельдегі жарылыстардың себепкерлерінің бірін оқиғадан бұрын азат еткен

Түркия президенті Брюссельдегі жарылыс себепкерлерінің бірін оқиғадан бұрын Бельгияға қайтарғанын, бірақ Брюссель қайраткерлерінің оны түрмеден босатқаны туралы уәж айтты.

Fars ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауынша, Реджеп Тайып Ердоған Румыния президенті Клаус Йоханниспен ортақ баспасөз маслихатында Брюссель жарылыстары себепкерлерінің бірінің 2015 жылы Түркияның Газиантеп қаласында құрықталып, Бельгия қайраткерлеріне тапсырылғанын, бірақ Брюссель қайраткерлерінің оны азат еткені туралы уәж айтты.

Ердоған сөзінің жалғасында Бельгияның Түркияның аталмыш адамға байланысты ескертулеріне құлақ аспағанын айтып: "Біз сондай-ақ Бельгия оқиғасы себепкерлерінің бірі туралы Нидерланды үкіметіне де ескерту жасаған болатынбыз" деді.

Сонымен қатар сионистік "Гаарец" газеті Бельгияның қауіпсіздік қызметі мен басқа да батыстың барлау ұйымдарына біраз бұрын Брюссельдегі сейсенбі күнгі лаңкестік шабуылдар туралы нақты ескертулердің жасалғаны туралы уәж айтты.

Гаарец белгілі бір ақпарат көзіне сілтеме жасамастан осы лаңкестік шабуылдың Ракка қаласында жобаланғанын жазды.