Рухани: Иранның сыртқы саясатының принципі – Африка елдерімен байланыстарды дамыту
ИИР Президенті Рухани Африка елдерімен байланыстарды дамытуды Иранның сыртқы саясатының принципі деп атап, Теһранның барлық Африка елдерімен, соның ішінде Танзаниямен қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтарын дамытып, тереңдетуді құптайтынын қуаттады.
Хасан Рухани Теһранда Танзанияның Сыртқы істер министрімен кездесу барысында Танзанияны Иран үшін Шығыс Африка нарығына кіретін қақпа деп атап: "Екі ел арасындағы 900 жылдық тарихи-мәдени қарым-қатынастар Иран мен Танзания әріптестіктерінің артуындағы құнды капитал болады",-деді. ИИР Президенті Иран компанияларының инженерлік-техникалық салалардағы әлеуеттеріне тоқталып, сол компаниялардың Африкадағы даму жобаларына қатысуға әзірлігін мәлімдеді.