Иран АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималдығына қатысты әртүрлі жоба дайындады
(last modified Thu, 12 Oct 2017 07:36:55 GMT )
Қаз 12, 2017 13:36 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималдығына қатысты әртүрлі жоба дайындады

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: «Иран АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималына қатысты шешіміне реакция ретінде әртүрлі жоба дайындады»,-деді.

Әли Акбар Салехи сәрсенбі күні кешке IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иранның АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималына реакциясы туралы: «ИИР АҚШ-тың шараларына сәйкес тиісті шешім қабылдайтын болады. «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасының орындалуын бақылау комиссиясының ирандық тобы әртүрлі жағдайға дайын отыр»,-деді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына берік екенін айтып: «АҚШ-тың ұстанымына қатысты Еуропадан осы бағдарламаға қолдау көрсету күтіледі»,-деді.

Әли Акбар Салехи, сондай-ақ, АҚШ Президентінің Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына берік болғандығына қатысты шешім қабылдау уақытымен тұспа-тұс келген өзінің Италия мен Ұлыбританияға жасаған сапарының жетістіктерін оң бағалап, Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының сақталуын қалайтынын мәлімдеді.

 

Тегтер