Зариф: АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды болуға талпыныс жасауы керек
ИИР Сыртқы істер министрі: "АҚШ Иран сынды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды болуға талпыныс жасауы керек",- деп баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні "Твиттердегі" парақшасында: "Соғысқұмарлар өздерін біздің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламаны бұзуымыздан гөрі табанды болуымызға көбірек алаңдауда. Мұны ешбір ақталу жасыра алмайды. АҚШ та біз сияқты келісімге табанды болуға талпыныс жасауы керек",- деп жазды.
Иран мен Франция Сыртқы істер министрлері сейсенбі күні телефон арқылы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен аймақ мәселелері туралы екінші рет пікір алмасты.
Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан қазанның 12 күні Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесіп, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдауымен бірге барлық жақтардың бұл келісімге табанды болу қажеттігін қуаттады.