Рухани: Аятолла Мостафа Хомейни діни семинария, ғылыми және революция салаларындағы үлкен тұлға болды
https://itolqyn.com/news/iran-i31900
ИИР-ның президенті марқұм аятолла Хадж Сейед Мостафа Хомейниді діни семинария мен ғылыми және революция салаларындағы үлкен тұлға, Иран ислам революциясының негізін қалаған имам Хомейнидің кеңесшісі әрі ислам қозғалысының нәтижеге жетуіндегі барлық революционерлердің үміті деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 23, 2017 21:39 Asia/Almaty
  • Рухани: Аятолла Мостафа Хомейни діни семинария, ғылыми және революция салаларындағы үлкен тұлға болды

ИИР-ның президенті марқұм аятолла Хадж Сейед Мостафа Хомейниді діни семинария мен ғылыми және революция салаларындағы үлкен тұлға, Иран ислам революциясының негізін қалаған имам Хомейнидің кеңесшісі әрі ислам қозғалысының нәтижеге жетуіндегі барлық революционерлердің үміті деп атады.

ИИР-ның президенті Хасан Рухани аятолла Сейед Мостафа Хомейнидің қайтыс болған күнінің жылдығында ол кісінің тұлғасын әртүрлі қырдан қарастыруға болатынын айтып: «1977 жылдың қазан айының 23 күні аятолла Сейед Мостафа Хомейнидің қайтыс болғаны туралы хабар Иран қоғамын теңселтіп, халықтың толқынысына себеп болды» деді.

ИИР-ның президенті сонымен қатар үстемшілдіктің әлі бар екенін айтып, дұшпанның қастандықтарының да жалғасып жатқанына тоқталып: «Бүгін Иран мен ислам биік орында орналасқан. Үстемшілдер ешқашан аймақта бүгінгі күндей пәс жағдайда болған жоқ» деді.

Рухани шетелдік басшылардың Иранның қорғаныстық қару-жарағы туралы кейбір сөздеріне сілтеме жасап: «Иранның қару-жарағы да әлемнің басқа елдерінің қару-жарағы сияқты. Иранның әскери күші қажет кезде елді қорғауы үшін қоқан-лоққылардың алдында тежеуші болуы керек» деп қуаттады.

ИИР-ның президенті дұшпанның Иран халқына қарсы салған  әділетсіз санкцияларына сілтеме жасап: «Санкция мен Иран халқына жасалған зұлымдық қате әрі қисынсыз іс болды. Бірақ, Иран халқы қиындықтар мен санкцияларға қарсы табандылық танытып, күресті» деді.