Рухани Түркіменстан Республикасын тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қаз 29, 2017 09:40 Asia/Almaty
ИИР Президенті Түркіменстан Республикасының Президенті Құрбанғұлы Бердімухамедовке жазған құттықтау хатта Түркіменстан тәуелсіздігінің жиырма алтыншы жылдығымен құттықтады.
Хасан Рухани Түркіменстан халқы мен үкіметін құттықтап, ИИР-ның әрдайым Түркіменстанмен достық қарым-қатынаста адал болғанын, келешекте де екі ел арасындағы достықтың одан ары нығая түсуіне үміт білдірді.
1991 жылы қазан айының жиырма жетісі күні Түркіменстан Кеңестер Одағынан бөлініп шығып, егемендігін жариялады. Түркіменстан халқы мен үкіметі жыл сайын қазан айының 27-28 күндерін ұлттық күндері ретінде мерекелейді.
Тегтер