Ғасеми: Рухани Дональд Трамптың кездесу туралы өтінішін қабылдамады
https://itolqyn.com/news/iran-i32005
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ президентінің кездесу өткізу туралы өтінішінің Иран президенті тарапынан қабылданбағанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 30, 2017 16:48 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Рухани Дональд Трамптың кездесу туралы өтінішін қабылдамады

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ президентінің кездесу өткізу туралы өтінішінің Иран президенті тарапынан қабылданбағанын хабарлады.

ИРНА ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі кешке хабарлауы бойынша, Баһрам Ғасеми БҰҰ Бас Ассамблеясының жуырдағы отырысы аясында ақпарат агенттіктерінің біріндегі АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран президенті Хасан Руханимен кездесуге мүдделік танытуы туралы мақаладағы өтініш жайлы сұраққа америкалық тараптың осындай тілек білдіргенін, бірақ Руханидің оған келіспегенін айтты.