Рухани АҚХА-ның бейтараптығын сақтау қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i32007
Иран президенті Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің тәуелсіздігі мен бейтараптығын сақтау қажеттігін қуаттап, АҚХА-ның Иранның "Ортақ қадамға" беріктігін растайтын жалғыз ұйым екендігін баса айтып: ""Ортақ қадам" бағдарламасының нақты критерийлері бар. Иранның тек сол өлшемдер шеңберінде әрекет етуде",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 30, 2017 17:08 Asia/Almaty
  • Рухани АҚХА-ның бейтараптығын сақтау қажеттігін қуаттады

Иран президенті Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің тәуелсіздігі мен бейтараптығын сақтау қажеттігін қуаттап, АҚХА-ның Иранның "Ортақ қадамға" беріктігін растайтын жалғыз ұйым екендігін баса айтып: ""Ортақ қадам" бағдарламасының нақты критерийлері бар. Иранның тек сол өлшемдер шеңберінде әрекет етуде",- деді.

Хасан Рухани жексенбі күні Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас хатшысы Юкия Аманомен Теһранда кездесуінде АҚХА-ның осы кезеңге дейін "Ортақ қадам" бағдарламасының жүзеге асыру тәсілі мен оның тұрақтылығында оң әрі сындарлы рөл атқарғанына тоқталып: "Иранның АҚХА-мен әріптестіктерінің жиынтығы толық әрі көңіл аударларлық болды",- деп мәлімдеді.

Рухани бір елдің халықаралық көпжақты келісімге қатысты өз қалауынша әрекет ете алмайтынын баса айтып: "Иран ешқашан бірінші болып "Ортақ қадам" бағдарламасынан шықпайды. "Ортақ қадамда" белгіленген тиімділіктерді пайдалана алғанға дейін оған берік болып қалады",- деді.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас хатшысы Юкия Амано бұл кездесуде "Ортақ қадам" бағдарламасын өте жақсы келісім деп атап, ИИР-ның халықаралық заңдар мен "Ортақ қадам" шеңберіндегі өзінің барлық міндеттемелерін орындағанын қуаттады.