Қаз 31, 2017 15:01 Asia/Almaty
  • Иран сионистік режимнің Газа секторына жасаған әуе шабуылын айыптады

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми бір топ палестиналық күрескердің шәһид болуына себеп болған сионистік режимнің әскери ұшақтарының Газа секторына жасаған шабулын айыптап:

"Сионистік режим палестиналық жастарды өлтіріп, бұл жердегі мазлұм халықтың жігерін жасыту арқылы өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ойлайды. Алайда,  сионистік режимнің 70 жылдық қылмысы мен қантөгіс жасап, балаларды өлтіруі Палестинаны намысшыл халқының жігеріне сызат түсіре алмады",- деді.

Сионистік режимнің әскери ұшақтарының дүйсенбі күнгі Газаның оңтүстігіндегі Хан Юнус аймағының шығысындағы қарсыласу қозғалысынң тоннельдерінің біріне жасаған шабуылында  палестиналық 8 күрескер шәһид болып, 9 адам жараланды.

Қоршауға алынған Газа секторының тұрғындары шекара аймақтарында қазылған тоннельдерді тауар мен азық-түлік тасымалдау үшін пайдаланады.

 

 

Тегтер