Ертең Теһранда Иран, Ресей мен Әзірбайжан республикасының екінші саммиты басталады
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Иран, Ресей және Әзірбайжан республикасы басшыларының үш жақты екінші саммитының ертең Теһранда басталатынын хабарлады.
Иран Телерадио ұйымының хабар агенттігінің мәліметі бойынша Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми Ресей мен Әзірбайжан республикасы елдерінің жоғары лауазымды басшыларымен бірге сол елдердің әртүрлі деңгейлердегі, әсіресе саяси, экономика салаларындағы жоғары дәрежелі делегациялары келетінін мәлімдеп: «Бұл – үш ел үшін екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер туралы кеңесіп, байсалды түрде пікір алмасып, тіпті қажет шешімдер қабылдау үшін өте жақсы мұрсат. Бірлескен отырыс пен Ресей президенті Путин мен Әзірбайжан президенті Илһам Әлиевтің ирандық басшылармен кездесуі үшін тиісті кеңесулер жүзеге асырылды» деді.