Рухани: Теһран мен Бакудің ерік-жігері жан-жақты серіктестіктерді нығайтып, тереңдетуге бағытталған
(last modified Wed, 01 Nov 2017 15:44:04 GMT )
Қар 01, 2017 21:44 Asia/Almaty
  • Рухани: Теһран мен Бакудің ерік-жігері жан-жақты серіктестіктерді нығайтып, тереңдетуге бағытталған

ИИР-ның президенті Теһран мен Бакудің байланыстарын даму үстінде деп бағалап: «Иран мен Әзірбайжан республикасының ерік-жігері байланыстары мен ынтымақтастықтарын жан-жақты нығайтып, тереңдетуге бағытталған» деп қуаттады.

ИИР-ның президенті Хасан Рухани бүгін сәрсенбі күні Әзірбайжан республикасының президенті Илһам Әлиевпен Теһранда кездесуде екі елдің жоғары деңгейлі делегацияларының Теһран-Баку байланыстары мен ынтымақтастықтарын дамыту аясындағы үздіксіз кездесулері мен сұхбаттасуларын маңызды деп атап: «Иран мен Әзірбайжан республикасының қажеттіліктерін шешу үшін  екі елдің әлеуеттері мен мүмкіндіктерін бұрынғыдан көбірек пайдалануға талпыныс жасау керек» деді.

Рухани екі елдің ортақ жобасы саналатын Иранның Решт, Әзірбайжан республикасының Астара темір жолының құрылысын «Солтүстік-оңтүстік» дәлізіндегі транзиттік байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам деп атап, осы транзиттік жолды Оман теңізі аймағы мен Парсы Шығанағынан Кавказ аймағы мен Шығыс Еуропаға тауар тасымалдау үшін пайдалануға болатынын айтты.

Иран, Ресей, Әзірбайжан республикасы басшыларының үш жақты отырысына қатысу үшін Теһранға сапармен келген Илһам Әлиев та кездесуде үш жақты байланыстарды дамытудың үш елдің дамуына, тұрақтылыққа, тасымал мен «Солтүстік-оңтүстік» дәлізі саласындағы серіктестіктерді  кеңейтуге көмектесетінін мәлімдеді.

Илһам Әлиев сонымен қатар Мьянма мұсылмандарының қиын жағдайына тоқталып, Әзірбайжан республикасының Мьянма мұсылмандарына гуманитарлық көмек жіберуге атсалысу үшін Иранмен серіктестіктерді дамытуға әзірлігін мәлімдеді.