Рухани: Иран, Ресей мен Әзірбайжан республикасы Азияны Еуропаға қосуды мақсат тұтады
ИИР Президенті сәрсенбі күні кешке Теһранда Иран, Ресей мен Әзірбайжан республикасы басшыларының үшжақты ортақ баспасөз конференциясында үш елдің екіжақты және аймақтық мәселелер бойынша ауқымды келісімдер жасағанын хабарлап: «Иран, Ресей мен Әзірбайжан республикасының мақсаты – тату көршілестікке негізделген жақын байланыс орнатып, үш елдің әлеуеттерін пайдалану»,-деді.
Хасан Рухани Баку мен Теһран саммиттерінің Иран, Ресей, Әзірбайжан республикасы мен Еуразия аймағы арасындағы транзиттік тасымал саласындағы шешімдеріне тоқталып: «Үш ел «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық дәлізі арқылы Азия мен Еуропа құрлықтарын бір-біріне байланыстыруды мақсат тұтып отыр»,-деді.
Әзірбайжан республикасының Президенті Илһам Әлиев те Иран, Ресей мен Әзірбайжан республикасы халықтарының ортақ тарих пен мәдениетке ие екенін айтып: «Бұл үш ел аймақта лаңкестікпен күресіп, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуда көрнекті рөл атқарады»,-деді.
РФ Президенті де баспасөз конференциясында Иран, Ресей мен Әзірбайжан республикасы басшылары арасында болған сұхбаттарға ризашылық білдіріп, барлық салалар бойынша үш елдің байланыстарын кеңейту қажеттігін қуаттады.
Владимир Путин, сондай-ақ, Иран мен Ресейдің Сирия мәселелеріне қатысты әріптестігіне тоқталып, Иран мен Ресейдің Сирия дағдарысын шешуді көздейтінін қуаттады.