Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 04 Nov 2017 08:49:34 GMT )
Қар 04, 2017 14:49 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері америкалықтарды келісімді бұзушы ел деп атап, Вашингтонды барлық қылмыстар мен сатқындықтардың басшысы деп атады.

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабының хабарлауынша, аятолла Мұхаммад Али Мовахеди Кермани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында: "АҚШ өзінің мүдделеріне қатер төнген кезде міндеттемелерін бұзады",- деп мәлімдеді.

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын өзгертуге немесе мүмкін жағдайда оның күшін жоюға талпыныс жасап жатқанына сілтеме жасап, Трамптың жоспарларын  барып тұрған ақымақтық деп атады.

Аятолла Мұхаммад Али Мовахеди Кермани сондай-ақ Трамптың жуырда Иран мен Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарсы айтқан сөздеріне тоқталып: "Ислам революциясы Сақшылар корпусы бар күш-қуатымен АҚШ қолдап отырған лаңкестерге қарсы табандылық танытуда. ИИР соғысқұмар емес, бірақ дұшпанның қастандық әрекеттеріне қарсы бар күшімен табандылық танытады",- деді.