Салехи: АҚШ Иранның есебінен "Ортақ қадамды" бұзуға талпыныс жасауда
(last modified Sun, 05 Nov 2017 08:39:28 GMT )
Қар 05, 2017 14:39 Asia/Almaty
  • Салехи: АҚШ Иранның есебінен

ИИР-ның Атом қуаты ұйымының басшысы АҚШ-ның Иранның есебінен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының күшін жоюды көздеп отырғанын мәлімдеді.

Али Акбар Салехи сенбі күні кешке  Иранның Бірінші арнасының "Бір көзқарас" атты бағдарламасында АҚШ-қа сенім артуға болмайтынын айтып, америкалықтардың "Ортақ қадамға" келісіміне қарсы ұстанымдарын орынсыз деп атады.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы АҚШ президенті Дональд Трамп «Иран "Ортақ қадам" келісіміне берік емес» деген мәлімдемесіне сілтеме жасап: "Трамптың жуырдағы әрекеттері "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзу саналады. Ислам республикасы міндетті түрде тиісті реакция білдіреді",- деп қуаттады.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің ядролық мәселелерді қадағалайтын жалғыз ұйым екенін баса айтып: "Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас хатшысы Юкия Амано АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы әрекетіне байланысты ерекше жауапкершілікке ие",- деді.

 

Тегтер