Рухани: Үкімет Қарулы күштерді қолдауын жалғастырады
https://itolqyn.com/news/iran-i32094
ИИР президенті: "Иран үкіметі мен халқы Әскерге мүмін әрі ержүрек қарулы күштер ретінде сенім артып, Қарулы күштерді қолдауын жалғастырады",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 05, 2017 14:55 Asia/Almaty
  • Рухани: Үкімет Қарулы күштерді қолдауын жалғастырады

ИИР президенті: "Иран үкіметі мен халқы Әскерге мүмін әрі ержүрек қарулы күштер ретінде сенім артып, Қарулы күштерді қолдауын жалғастырады",- деді.

ИИР президенті Хасан Рухани сенбі күні Әскердің жоғары қолбасшыларымен кездесуде Қарулы күштердің революция мен Қасиетті қорғаныс кезі мен осы күнге дейін мерейінің үстем болғанын және имам Хомейни, жетекшілік пен халықтың әрдайым оған сенім артқанын және артатынын айтып: "Иран Қарулы күштерінің іс-жүзіндегі күш-қуаты оның оралымды құрылымында, ішкі тәртібі мен құрал-жабдықтарының заманауилығына қарыздар.

Имам Хомейнидің көзқарасы бойынша, Иранның тәуелсіздігінің көрінісі оның әскери тәуелсіздігі саналады. Сол себепті, Иранның Конституциясында жүйе мен елдің тәуелсіздігін және территориялық тұтастығын сақтаудың Иран Қарулы күштерінің негізгі міндеттерінің қатарын құрайтыны көрсетілген",- деді.

Рухани Әскердің Ислам революциясынан кейін исламдық және халықтық екі тұрғыда да табысты әрекет еткеніне тоқталып: "Қарулы күштер тәуелсіз әрі бөлінушіліктен аулақ болуы тиіс. Бүгінгі таңда Иран Әскерінің ең үлкен байлығы қоғамдық сенім мен оның саяси қозғалыстарға тәуелді болмауы саналады",- деп баса айтты.