Амир Абдоллаһиан: Аймақта жаңа қастандықтар жобаланып жатыр
(last modified Sun, 05 Nov 2017 14:36:36 GMT )
Қар 05, 2017 20:36 Asia/Almaty
  • Амир Абдоллаһиан: Аймақта жаңа қастандықтар жобаланып жатыр

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасының халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: "Сирия мен Ирак және Ливандағы ДАИШ-ке қарсы қарсыласу күштері жеңіске жеткен жағдайда аймақта жаңа қастандықтар жобаланып жатыр.

Ливан Премьер-министрі Саад Хариридың отставкаға кетуі сионистік режим мен АҚШ және Сауд Арабиясының қарсыласу күштерінің тәкфиршіл лаңкестердің алдындағы жеңістеріне қарсы және сионистік режимнің Ливандағы мақсаттарына көмектесу мақсатында жобаланды. Хизболла мен ИИР-н Саад Харири тарапынан нысанаға алынуы – АҚШ Президенті бастаған жобаның жалғасы. Саудиялықтар өртті өршітіп, нәтижесінде осы жобаға сионистер риза болды",- деді.