Кейбір басшылардың Сауд Арабиясына шеккен сапарлары аймақ үшін қатерлі салдарларға ие болды
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф Твиттердегі парақшасында аймақ мәселелеріне қатысты мәліметтерінде кейбір басшылардың Сауд Арабиясына жасаған сапарларын аймақ үшін қатерлі болды деп сипаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Твиттердегі парақшасында аймақ мәселелері туралы жазбасында: "АҚШ Президенті Дональд Трамптың Сауд Арабиясына жасаған сапары Бахрейнді басып-жаншуға себеп болып, Катарда мәселе тудырды. Трамптың күйеу баласы әрі кеңесшісі Джаред Кушнер мен Ливан Премьер-министрі Саад Хариридің Сауд Арабиясы сапарлары Хариридің елден тысқары жерде таңданыс тудыратын әрекетте қызметтен кетуіне себеп болды. Бірақ, бұл мәселеге Иранды араласты деп айыптады. Сауд Арабиясы бомбаларын жаудырып, Йеменді жермен-жексен етіп, мыңдаған жазықсыз азаматты, соның ішінде сәбилерді өлтіріп, сол елде жұқпалы тырысқақ ауруының таралуы мен ашаршылыққа себеп болуда. Бірақ, оған тағы да Иранды айыптауда. Сауд Арабиясы соғыстарды бастап, аймақта зорлық-зомбылық жасап, тұрақсыздық тудырып, қатерлі арандатушы әрекеттерді іске асыруда. Бірақ, солардың салдарларына Иранды кінәлі деп атап отыр",- деп жазды.