Рухани: Америка мен сионистік режим аймақ елдеріне әрдайым жамандық тілеп келді
ИИР-ның президенті «Америка мен сионистік режим аймақ елдеріне әрдайым жамандық тілеп, аймақтағы мұнай бен байлықты талан-таражға салу үшін аймақтағы өзінің құзыры мен үстемдігіне сылтау іздеп келді» деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күні министрлер кабинетінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Батыстық алпауыт елдер үнемі аймақ елдері мен халықтардың арасына жік салып, алауыздық тудыруды көздеді. Аймақтың кейбір елдерінің басшылары осы шындықты түсініп, аймақ елдерінің бірлігі мен интеграциясы бағытында әрекет етеді деп үміттенемін. Америка үкіметі аймақ елдерін, әсіресе Арабстанды тонауда ерекше шеберлікке ие. Америка әртүрлі қару-жарақ сату арқылы аймақта алауыздық отын бұрынғыдай өршітіп отыр» деді.
Рухани Арабстанның аймақ халықтарымен, әсіресе Ирак пен Сирия және Йемен елдерімен дұшпандығына тоқталып: «ИИР аймақ елдеріне жақсылықтан басқа ештеңе тілемейді. Иран аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздіктің және тұрақтылықтың орнағанын, Йемен мен Ирактың, Сирияның, тіпті Арабстанның да дамуын қалайды» деді.
Иран президенті Арабстан басшыларына: «Егер Иранды өздеріңе дос емес санап, достарың Америка мен сионистік режим деп ойласаңдар, мұндай ой – стратегиялық қателік» деді.