Қар 16, 2017 15:14 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттері заңсыз

Иран Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ-тың Иранға қарсы айтқан уәждерін құқықтық тұрғыдан заңсыз деп атады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттеріне тоқталып: "АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттері құқықтық тұрғыдан заңсыз. Сол себепті, ИИР қазіргі таңға дейін көп табысқа жетіп, Канададан басқа мемлекеттерде бұл үкімдердің жүзеге асуына кедергі жасады",- деді.

Зариф АҚШ үкіметінің 1984 жылы Иранды терроризмге демеуші елдер тізіміне қосу түріндегі саяси әрекетіне тоқталып: "Дәл сол жылы АҚШ Ирактың БААС режимін терроризмге демеуші елдер тізімінен шығарып, Иранды сол тізімге қосты. Бұл америкалықтардың осы әрекетінің қаншалықты саяси болғанын көрсетіп отыр",- деді.

 

Тегтер