Теһран жұма намазының құтпалары
https://itolqyn.com/news/iran-i32284
Теһран жұма намазының құтпагері: "Ливан халқының бірлігі Израиль режимі, АҚШ пен Сауд әулетінің қастандық әрекеттерін бейтараптандыру деген мағынаны білдіреді",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 18, 2017 17:33 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "Ливан халқының бірлігі Израиль режимі, АҚШ пен Сауд әулетінің қастандық әрекеттерін бейтараптандыру деген мағынаны білдіреді",- деді.

Аятолла Мұхаммад Имами Кашани осы аптадағы Теһпран жұма намазының құтпаларында Ливан премьер-министрі Саад Хариридің Риядта қызметінен кететіні туралы жасаған мәлемдемесіне сілтеме жасап: "Бұл мәселе дұшпанның мұсылман мемлекеттеріне қарсы қастандық жоспарлап, аймақ пен Ливанда шиеленіс тудыруды көздеп отырғанын көрсетіп отыр. Алайда, Алланың рақымымен мұндай қастандықтарға қатысты Ливан халқы мен тайпалары ояу әрі қырағы",- деп мәлімдеді.

Теһран жұма намазының имамы Ливан халқына, әсіресе Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейед Хасан Насроллаға алғыс білдіріп: "Егер Саад Харири Ливанға қайтып келетін болса, барлығы оны құшақ жая қарсы алады. Бұл Сауд әулетінің қастандық әрекетін бейтараптандыру дегенді білдіреді",- деді.

Ол сондай-ақ Сауд әулеті режимінің аймақтағы, соның ішінде Йемендегі қылмыстарына тоқталып: "Сауд әулеті режимінің сорлы, бейшаралығы соншалықты, мұсылман елдеріне шабуыл жасау үшін Израиль режиміне қаражат бөледі",- деді.

Аятолла Мұхаммад Имами Кашани сөзінің соңында Иранның батысында болған зілзала салдарынан көп адамның қаза болуына тоқталып: "АҚШ президентінің Ирандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетілмей жатыр деген сөздері қисынсыз, сандырақ сөйлейтін адамның көмейінен шығып жатыр. АҚШ президентінің былай сөйлеуі – бүкіл әлемнің соры",- деді.