Рухани: Иран Ислам республикасының жүйесі студенттерге қарыздар
https://itolqyn.com/news/iran-i32663-Рухани_Иран_Ислам_республикасының_жүйесі_студенттерге_қарыздар
ИИР Президенті Иран Ислам республикасы жүйесінің студенттер мен жастарға қарыздар екенін қуаттап: «Студенттер халық және дінбасылармен бірге революция үшін күресті»,-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 03, 2017 15:01 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Ислам республикасының жүйесі студенттерге қарыздар

ИИР Президенті Иран Ислам республикасы жүйесінің студенттер мен жастарға қарыздар екенін қуаттап: «Студенттер халық және дінбасылармен бірге революция үшін күресті»,-деді.

Хасан Рухани сенбі күні кешке Иранның оңтүстік-шығыс жағында орналасқан Систан мен Белучистан университетінде Студент күніне арналған рәсімде студенттерді ұлттық және исламдық құндылықтарды қолдаушы деп атап, Иран университеттерінің бір-бірімен және әлемнің ғылыми орталықтарымен әріптестік жасауы керектігін қуаттады.

Иранда 7 желтоқсан Студент күні деп аталған. 1953 жылы АҚШ-тың сол кездегі Президентінің орынбасары Ричард Никсонның Иранға сапарымен бір мезгілде студенттер АҚШ-тың Иранның ішкі іске араласуына наразылық білдіріп, шеру өткізді. Пехлеви режимінің әскерилері осы шеруді басып-жаншығанда Теһран университетінің алдында үш ирандық студент шәһид болды.

Рухани, сондай-ақ, ИИР-ның бүгінде аймақтық қайшылықтарды шешудің орталығына айналғанын айтып: «Иран Ирак пен Сирия халықтарымен бірге ДАИШ-ты жеңу арқылы үлкен қастандықты жойды»,-деді.