Рухани: Иран халқы бірлік пен келісімнің арқасында барлық қиындықтан өтеді
(last modified Mon, 04 Dec 2017 10:00:17 GMT )
Жел 04, 2017 16:00 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран халқы бірлік пен келісімнің арқасында барлық қиындықтан өтеді

ИИР президенті Үкіметтің мақсатын Иранның шығысындағы Систан мен Балуджестан облысын дамыту деп атап: "Иран халқы бірлік пен келісімінің арқасында барлық қиындықтардан өтеді",- деп қуаттады.

Хасан Рухани жексенбі күні кешке Систан мен Балуджестан облысының әкімшілік кеңесінің отырысында Иранның барша халқына аймақ қауіпсіздігін дамытуға атсалысып, 2017 жылы мамыр айында өткен президенттік сайлауға қатысқандары үшін алғыс білдіріп: "Иран халқы сайлауға саяси мақсатпен қатысу арқылы АҚШ-тың Иранға жамандық тілеушілер мен қастандық әрекеттерне қатаң жауап берді",- деді.

Иран президенті Иран әскері теңіз күштерінің Иранның оңтүстік-шығысындағы Мекран жағалауында орналасуы мен бұл күштердің аймақтың дамуы мен оның қауіпсіздігі үшін атқарып жатқан маңызды рөліне тоқталып: "Иран әскері теңіз күштерінің халықаралық сулардағы қауіпсіздікті нығайту мақсатындағы талпыныстары мен ИИР-ның аймақ қауіпсіздігін күшейтудегі рөлі Иран халқынынң мақтанышы саналады",- деді.

Ол Чабаһар портындағы Шәһид Беһешти атындағы айлақты дамыту жобасының бірінші кезеңінің пайдалануға берілуін аймақтық және халықаралық жоба деп атап: "Иран шығыс пен солтүстіктегі және батысындағы көршілес елдермен жақсы қарым-қатынасқа ие. Иран барлық елдермен достық және сыйластыққа толы қатынас құруды қалайды",- деп мәлімдеді.