Жел 06, 2017 20:38 Asia/Almaty
  • Рухани ислам елдерінің басшыларын Алла елшісінің (с.ғ.с.) мәулітімен құттықтады

ИИР Президенті жеке-жеке хат жолдап, ислам елдері басшыларын ақлақ пен адамгершіліктің жауһары, рақымшылық пен шапағаттың пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) мәулітімен құттықтады.

Хасан Рухани осы құттықтау хаттарында мұсылман халықтары арасындағы  бірлік пен бауырластықтың хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) аса құнды өмір жолына сүйену, илаһи кітап Құран Кәрімнің мықты тағылымдарын пайдалану және ислам елдері басшыларының еселенген талпыныстар жасауының арқасында нығая түсетіндігіне үміт білдірді.

Хасан Рухани ислам елдерінің тәкфирлік ойларды анықтап, олармен күресу, қатігездік және экстремизммен күресу жолында интеграцияны арттыруда маңызды міндетке ие екенін айтып: "Ислам үмбеті бірігіп, тілеулесіп, «Барлықтарың Алланың жібіне жабысыңдар да, одан бөлінбеңдер» деген аятқа сүйеніп, ислам елдері мен әлемнің түкпір-түкпірінде әділет, бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылықты таратушы болуы керек",-деп баса айтты.

ИИР Вице-президенті Исхақ Джахангири де ислам елдеріндегі өзінің әріптестеріне хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) мәулітіне орай құттықтау хаттарын жолдап, осы шаттыққа толы күнде ислам елдері арасында бірлік пен бауырластық нығайып, күн өткен сайын әлемнің жер-жеріне бейбітшіліктің таралуына куә болуға үміт білдірді.

 

Тегтер