Президент 30-шы наурызда Австрияға сапар шегеді
Иран президенті өзінің австриялық әріптесінің ресми шақыруы бойынша саяси және экономикалық жоғары мәртебелі делегацияны бастап, наурыздың отызы күні Австрия астанасы Венаға сапар шегеді.
Президент әкімшілігінің байланыстар және ақпарат тарату орынбасары Парвиз Исмаили осы хабарды жариялап: «Австрия президенті Хайнц Фишердің Теһранға жасаған жазғы ресми сапарының жауабы болып табылатын осы сапар барысында Иран мен Австрия экономикалық ынтымақтастықтары жол картасының құжаты қорытындыланады.
Австрия президенті және канцлерімен кездесіп, әңгімелесу және екі елдің президенттері мен экономика белсенділері мен жекеменшік секторларының өкілдері де қатысатын экономикалық форумға қатысу доктор Руханидың Венаға сапарының жұмыс бағдарламасына жатады.
Бірнеше құжатқа, соның ішінде экономикалық ынтымақтастықтар жол картасы мен түрлі саладағы ынтымақтастық меморандумдарына Иран мен Австрия президенттерінің қатысуымен екі елдің қайраткерлері қол қояды. 30-шы наурызда басталатын осы екі күндік сапарда президенттің қасында бірқатар министрлер мен үкімет делегациясының мүшелері бірге болады» деді.