Лариджани: Санкциядан туындаған қиыншылықтардан арылу үшін уақыт керек
(last modified Sun, 27 Mar 2016 15:06:05 GMT )
Нау 27, 2016 21:06 Asia/Almaty
  • Лариджани: Санкциядан туындаған қиыншылықтардан арылу үшін уақыт керек

Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иранға қарсы әділетсіз санкциялардан туындаған қиыншылықтардың орнын толтыру үшін уақыт керек екенін айтты.

Әли Лариджани Иранның солтүстігінде орналасқан Амол қаласының тұрғындары алдында сөйлеген сөзінде: «Егер елдегі қазіргі қиыншылықтарды шешуді және өркендеу үшін жағдай жасауды қаласақ, экономиканы дамыту керек. Оны жүзеге асыру өндіріске ден қоюды қажет етеді. Елдегі көптеген қиыншылықтардың тамыры жұмыссыздық пен осал экономикада. Елдің өндіріс моторы іске қосылмайынша, елдегі қиыншылықтар да сол күйі қалып, шешілмейді» деді.

Заң шығару билігі төрағасының айтуынша, сау экономика ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және қызмет саласындағы ішкі өндіріске негізделіп, осы маңызды факторларға иек арту арқылы жұмыссыздық мәселесі шешілетін болады.

Ол сөзінің жалғасында: «Бағымызға орай, қазір елде жұмыспен шұғылдануға жаңа мүмкіндіктер қалыптасқан. Осы мүмкіндіктерді елдегі кәсіп пен жұмыс үшін пайдалану керек» деді.