Велаяти: Иран бар күшімен Палестина интифазасына қолдау көрсетеді
(last modified Thu, 21 Dec 2017 14:56:39 GMT )
Жел 21, 2017 20:56 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иран бар күшімен Палестина интифазасына қолдау көрсетеді

Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі ИИР-ның палестиналық күрескерлер, интифаза мен АҚШ президентінің Құдсқа қарсы жуырдағы шешіміне наразылық танытып шеруге шыққан халыққа бар күш-қуатымен қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Әли Акбар Велаяти сәрсенбі күні кешке Al Alam телеарнасына берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындау шешіміне реакция білдіріп, Палестина интифазасына Иранның міндетті түрде қолдау көрсету қажеттігін қуаттап: "Трамптың әрекеті озбыр сионистік режим екінші «Бальфур» декларациясы деп сипаттаған үлкен қастандық",- деді.

Бальфур декларациясы 1917 жылы Ұлыбританияның сол кездегі Сыртқы істер министрі Артур Джеймз Бальфур тарапынан сионистік саясаткер Ұлыбританияның Қауымдар палатасының мүшесі Волтер Ротшильдке жолданған болатын. Сол құжатқа сәйкес, Ұлыбритания мен әлемдік сионизм қозғалысының басшылары және олардың Ұлыбритания мен Еуропадағы өкілдері Палестина жерінде еврейлік режимнің құрылуын қолдауға міндеттілді.

Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі мұсылман елдерінің екінші «Бальфур» декларациясына төзбейтінін баса айтып: "Сионистердің бақылауы мен америкалықтардың жоспарына иек артып отырған кейбір сатқын араб мемлекеттері қазіргі жағдайда басқа мұсылман елдерімен бірге осы әрекетті айыптауға мәжбүр»,- деді.

 

 

Тегтер