Дивизия генералы Фирузабади: АҚШ енді әлемдік алпауыт емес
Иран Қарулы күштері Бас қолбасшысының жоғары әскери кеңесшісі: «Сионистік режимнің астанасы ретінде Құдсты ресми танудағы АҚШ-тың жеңілісі аталмыш мемлекеттің енді әлемнің алпауыт державасы еместігін көрсетті» деді.
«Tasnim» хабар агенттігінің сенбі күнгі мәліметіне сәйкес, дивизия генералы Хасан Фирузабади сионистік режимнің астанасы ретінде Құдсты ресми танудағы АҚШ жоспарының жеңілісіне реакция көрсетіп: «АҚШ жоспарына 128 мемлекеттің қарсы шығып, палестиналықтардың заңды құқығын толығымен қорғауы әлемнің саяси тарихындағы бетбұрысты нүкте болып, АҚШ-қа енді әлемнің алпауыт державасы еместігін танытты» деп мәлімдеді.
Иран Қарулы күштері Бас қолбасшысының жоғары әскери кеңесшісі сонымен бірге Сауд Арабиясын нысанаға алу үшін Иранның Йеменге зымырандық көмегі туралы АҚШ өкілінің БҰҰ-на мәлімдеген жөнсіз уәждерінің сәтсіздігіне тоқталып: «Аймақтың араб мемлекеттері де Йеменге қарсы Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірлігімен ынтымақтастықтарын тоқтатып, сионистермен байланыстарын үзіп, исламға оралуы керек» деді.