Рухани Рим папасы мен әлем елдерінің басшыларын хазірет Исаның (ғ.с) туған күнімен құттықтады
https://itolqyn.com/news/iran-i33293
ИИР президенті әлем елдері басшыларына жолдаған хаттарында рақымшылық пен бақыт пайғамбары хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.с) туған күнімен және жаңа жылмен құттықтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 25, 2017 15:30 Asia/Almaty
  • Рухани Рим папасы мен әлем елдерінің басшыларын хазірет Исаның (ғ.с) туған күнімен құттықтады

ИИР президенті әлем елдері басшыларына жолдаған хаттарында рақымшылық пен бақыт пайғамбары хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.с) туған күнімен және жаңа жылмен құттықтады.

Хасан Рухани жексенбі күні жолдаған хаттарында: "Илаһи пайғамбарлардың тағылымдарының сәулесінің арқасында бейбіт қатар өмір сүру принципіне сүйеніп, бейбітшілік, әділет, теңдік, бауырластық және ұстамдылықты тарату жолында үлкен қадамдар жасауға болады.

Ортақ талпыныс пен сарапшылар, үлемдер және илаһи діндерді ұстанушылардың арасында диалог пен өзара әрекеттестік құру арқылы 2018 жылды барша халықтар үшін руханият, ғиззат пен берекеге толы, кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтан ада жылға айналдыруға талпыныс жасау қажет",-деп баса айтты.

Рухани сонымен қатар әлем католиктерінің діни жетекшісі Рим папасы Франциске жолдаған хатында: "Жаңа жыл илаһи пайғамбарлардың тағылымдарының сәулесімен және олардың игі әрекеттерінен үлгі алып адамзат баласының кез келген жамандық, кемсітушілік пен кедейшілікті тамырымен жойғанына куә болармыз. Ел басшылары, үлемдер мен ойшылдардың маңызды міндеті келешек ұрпақ үшін бейбітшілік, тыныштық, ұстамдылыққа толы, зорлық-зомбылық пен әсірешілдіктен ада көркем әлем құру үшін көмектесу болып табылады",- деді.