Ислам революциясының жетекшісі: АҚШ – әлемнің ең жемқор және ең қатыгез мемлекеті
Ислам революциясының ұлы мәртебелі жетекшісі бүгін Иранның түкпір-түкпірінде ислам насихатын үйлестіру кеңесінің өкілдері мен мүшелерімен кездесуде АҚШ режимін әлемнің ең жемқор және ең қатыгез мемлекеті деп атады.
Ұлы мәртебелі жетекшінің баспасөз аппаратының мәліметіне сәйкес, хазірет аятолла Хаменеи бұл кездесуде имам Хасан Асғаридің (ғ.с.) туған күнімен құттықтап, 2009 жылдың 30-шы желтоқсанындағы халықтың ерлігі жылдығын еске алып: «АҚШ-тың ДАИШ және әсірешіл лаңкестерді қолдауы, Сауд Арабиясы сынды диктатор мемлекетпен серіктесуі, сионист қылмыскерлері мен Йеменде халықты күн сайын қыратын қылмыскерлерге қолдау көрсетуі АҚШ режимінің пасық әрі жемқор болмысын көрсететін мысалдар болып табылады» деп баса айтты.
Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-та үстем нәсілдік кемсітушілік пен аталмыш елдің сот жүйесіне тоқталып: «Өздерінің мәселелері мен қиындықтарына қарамастан, олар өзге елдердің сот жүйесін, соның ішінде Ирангың сот билігін айыптайды» - деді.
Хазірет аятолла Хаменеи Иранда саяси, діни, этникалық және тіл қарама-қайшылығын тудыру үшін АҚШ-тың көптеген шығындары мен күрделі жоспарларының пайдасыз болып, жеңіліс тапқанын айтып: «Алланың рұқсатымен Иран халқы және ислам жүйесі АҚШ-ты бүкіл салада үмітін үзеді» - деді.
Ислам революциясының жетекшісі Иран Ислам Республикасының көбірек күшпен дамуды жалғастыратынын баяндап: «Бұл даму бағыты АҚШ-тың қазіргі президенті кезінде де жалғасады» деді.