Ислам революциясының жетекшісі: Дінбасылар күрес алаңына шықпағанда Ислам революциясы орын алмаған болар еді
Ислам революциясының жетекшісі Теһранның оңтүстігіндегі Құм облысында Дінбасы шәһидтер мен ардагерлер конгресін ұйымдастырушылармен кездесуінде: "Дінбасылар күрес алаңына шықпағанда Ислам революциясы орын алмаған болар еді",-деді.
Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, хазірет аятолла Хаменеи 2017 жылдың 13 қарашасында өткен кездесуде дінбасылардың джиһад алаңдары мен күрестерге кең түрде қатысып, Алла жолында шәһид болуын өте маңызды мәселе деп атады.
Хазірет аятолла Хаменеи діни орталардың елдің әртүрлі тарихи кезеңдерінде күрес майданынан қалыс қалуының апатты салдарларына тоқталып: "Кейбір тарихи кезеңдерде дінбасылар үстемшілдер мен отаршылдарға қарсы күрес майданынан алыс қалу салдарынан ауыр соққы көрді. Ал дінбасылар ислам мен Иранның дұшпандарына қарсы тұрып, күрес майданына шыққан кезде абыройлары асты. Мұның нақты мысалы – Ислам революциясының барысы мен имам Хомейнидің қозғалысы. Дінбасылар тағұт режиміне қарсы күреске шықпағанда ешқашан Ислам революциясы орын алмаған болар еді. Ешбір саяси және ағартушылық топ пен партия деспоттық патша үкіметін құлатуға қабілетті болмады. Халықтың саяси сахнаға кең түрде шығуы мен Алла жолында ынта-ықыласпен күресуі дінбасылардың құзырының нәтижесі",-деді.