Рухани Жаңа жылмен құттықтады
https://itolqyn.com/news/iran-i33485
ИИР Президенті жолдау жасап, Жаңа жылмен құттықтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 01, 2018 14:55 Asia/Almaty
  • Рухани Жаңа жылмен құттықтады

ИИР Президенті жолдау жасап, Жаңа жылмен құттықтады.

Хасан Рухани жексенбі күні 2018 жылдың басталуына орай ирандық христиандарға құттықтау жолдауында: "Иран – мұсылман, христиан, иудей және зәртушт болғанына қарамастан, барлық ирандықтың үйі. Илаһи діндердің барлығына құрметпен қарау – исламның құнды тағылымдарының бірі",-деді.

Хасан Рухани, сондай-ақ, хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.с.) адамзат баласына арнаған тәлімдерінің руханият, бейбітшілік пен достыққа көңіл бөлуге толы екенін айтып: "Хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өмір жолы мен насихаттары әрдайым баршаның жолнұсқауы болуы керек. Бүгінде басқа кезден көбірек илаһи пайғамбарлардың тағылымдарын ұстануға қажеттілік туындап отыр",-деді.

Бүгін, дүйсенбі 2018 жылдың 1 қаңтары – жаңа жыл басталған күн.

ИИР Телерадио бірлестігі әлемнің барлық христиандарын, әсіресе Ирандағы христиандарды Жаңа жылмен құттықтап, бүкіл әлемде береке, тыныштық, бейбітшілік пен әділеттің орнауын тілейді.