Джаһангири: Америка «Ортақ қадамнан» шығатын болса, зиян шегеді
Иран Ислам Республикасының вице-министрі америкалықтар егер «Ортақ қадам» бағдарламасынан шығатын болса, міндетті түрде зиян шегетінін айтты.
Исхақ Джаһангири Теһранда ИИР-ның Жүйе мүддесін анықтау алқасының марқұм төрағасы аятолла Һашеми Рафсанджаниді еске алуға арналған алғашқы Конгресте сөйлеген сөзінде: «Америкалықтар ирандықтардың Вашингтонның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуын аза тұтпайтынын білсін» деді.
Иран мен «алтылық» топ арасындағы ядролық келісім 2016 жылдың қаңтар айынан бастап жүзеге асырылды. Алайда Америка үкіметі аталмыш топтың бір мүшесі ретінде «Ортақ қадам» бағдарламасының жүзеге асырылуына кедергі жасап келеді.
Америка президенті Дональд Трамп әрдайым аталмыш бағдарламаның басқа мүшелеріне керісінше «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын «қорқынышты келісім» деп атап, оны дағдарысқа ұшыратуды көздеуде. Бірақ, әлем Америка президентінің әрекетіне қарсы.