Рухани: Бүлікшілерге қарсы ирандықтардың бірлігі жүйенің дұшпандарын сәтсіздікке ұшыратты
https://itolqyn.com/news/iran-i33767
ИИР Президенті өз еліндегі соңғы оқиғаларға тоқталып: "Халықтың қырағылығы мен әртүрлі топтар мен мазхабатардың бірлігі Иранның бұл елдің жүйесіне қарсы дұшпандарын тағы бір сәтсіздікке ұшыратуына себеп болды",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 10, 2018 15:28 Asia/Almaty
  • Рухани: Бүлікшілерге қарсы ирандықтардың бірлігі жүйенің дұшпандарын сәтсіздікке ұшыратты

ИИР Президенті өз еліндегі соңғы оқиғаларға тоқталып: "Халықтың қырағылығы мен әртүрлі топтар мен мазхабатардың бірлігі Иранның бұл елдің жүйесіне қарсы дұшпандарын тағы бір сәтсіздікке ұшыратуына себеп болды",- деді.

ИИР Президенті елдегі жуырдағы оқиғаларға тоқталып: "Халықтың қырағылығы мен әртүрлі топтар мен мазхабтардың бірлігі Иран жүйесіне қарсы дұшпандарды тағы да сәтсіздікке ұшыратуға себеп болды",- деді.

Иран Президенті Хасан Рухани  сейсенбі күні Мәдени революция жоғары кеңесінің отырысында соңғы оқиғалардың мәдени-қоғамдық себептерін анықтау қажеттілігі мен басшылардың халықпен қарым-қатынас орнатып, олардың құқықтарын қамтамасыз ету міндеттеріне тоқталып: "Халық, жоғары оқу орындары мен әртүрлі таптардың қырағылығы қиындықтарға қарамастан Иран  халқының дұшпандар мен революцияға қарсы ағымдарға табандылық білдіретінін көрсетті",- деп қуаттады.

Рухани қауіпсіздік пен барлау және полиция күштері мен Ислам революциясы Сақшылар корпусына, сондай-ақ халықтық ерікті күштерге жуырдағы оқиғалар кезінде халықпен бірге болып, қырағылықпен өз міндеттерін жақсы атқарғаны үшін алғыс айтты.

ИИР Президенті сондай-ақ Иранның Жүйе мүддесін анықтау алғасының бұрынғы басшысы Хашеми Рафсанджанидің қайтыс болуының жылдығын еске алып, ол кісіні әйгілі тұлға, исламтанушы және халық пен халықаралық қоғам құрметтейтін саясаткер  деп атады.