Иран СІМ: Мәдени диалог – барша үшін маңызды қажеттілік
(last modified 2018-01-13T14:31:24+00:00 )
Қаң 13, 2018 20:31 Asia/Almaty
  • Иран СІМ: Мәдени диалог – барша үшін маңызды қажеттілік

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы Істер Министрі бүгін сенбі күні Теһранда өткен азиялық мәдени диалогтардың алғашқы саммитында:

"Азия – әлемдік қауымдастықтағы әртүрлі мәдениеттер мен идеологиялардың және өркениеттердің бесігі. Кәрі құрлық Азияны халықаралық қауымдастықта ой-пікір, философия, диалог пен ортақ түсініктің ошағы деген атпен таниды. Сол Азияның бүгін дағдарыс, қақтығыстар мен қырғынның мекеніне айналғаны өте өкінішті. Бұл жағдай азиялық мәдениет пен сенімдер және көзқарастардан үлкен айырмашылыққа ие" деді.   

Мәдениет және ислам байланыстары ұйымының басшысы Абузар Ибраһими Торкаман да азиялық мәдени диалогтардың алғашқы саммитында сөйлеген сөзінде: "Әлемдік қауымдастық әртүрлі түйткілдер және қақтығыстармен бетпе-бет келіп отырған бүгінгі заманда азиялық ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері осы саммитта мәдени диалогтардың рөлі мен маңызын аймақтық және халықаралық түйткілдерден шығудың әсерлі жолы ретінде қуаттайды" деді. 

 

Тегтер